«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» » ГККП "Ясли сад №113"
Телефон завующего:
+7(727) 381-18-15
Телефон методиста:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
11
март
2019

«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

          «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»

                   «Ақ қайың»  ересектер   тобы 

                                      2019 жыл

Музыка жетекшісі: Суюндыкова А.К.

Тәрбиеші: Утепова Г.Ш.

Жүргізуші:Қош келдіңіздер,қымбатты әжелер мен аналар! Көктемнің алғашқы күндерімен бірге енген мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық,отбастарыңызға амандық,береке,бірлік тілейміз!

                                   Ұлдар келіп тұрады.

Жүргізуші: Балалар,біздің қыздарымыз неге келмей жатыр?Олар қайда кетіп қалды екен?Біз қыздарсыз аналар меркесін қалай бастаймыз?

Шар ұшып келеді.

            Мына шарды кім жіберді екен?Мұнда бір құпия бар сияқты... 

Шарды жару,ішінен хат тауып алу.

Хат  оқиды:  «Құрметті ұлдар, біз бүгінгі мерекеге келмейміз!Өйткені сендер бізді ылғи шашымыздар тартып,ренжітесіңдер!Бізді сыйламайсыңдар,орын бермейсіңдер!

Мейрамды өздерің тойлай беріңдер!»

Сәлеммен «Ақ қайың» тобының қыздары.

Ал,ұлдар,бұл қалай болды?Енді не істейміз?Қыздарсыз қандай мереке болмақ ... Мүмкін қыздардан кешірім сұрасақ,кешіретін шығар ... қане тырысып көрейік ... Сонымен бастайық ...

1.Ринат:

Біз қыздарды сыйлаймыз,

Итеріп қумаймыз.

Бұрымынан тартқылап,

Біз тентектік қылмаймыз!

2.Алихан:

Тату – тәтті жүреміз,

Біз қыздарды сыйлаймыз.

Әрқашан да оларға,

Басымызды иеміз.

-Қыздар,бізді кешіресіңдер ме?

Қыздар:  Иә!

Жүргізуші: Олай болса, қошеметпен ортаға біздің сүйікті де сүйкімді қыздарымызды шақырайық!

                 Қыздар ортаға жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші: «Қыз өссе-елдің көркі» - деп халқымыз тегін айтпаған,расында да қараңыздаршы біздің қыздарымыз қандай әдемі де көркем,... ұлдарымыз нағыз жігіттер...

          Өмірдің өзегі,бақыттың бастауы болған «Ана» деген қасиетке арнап жазбаған қалам,жырламаған ақын бар ма:

                        Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

                        Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

                        Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

                        Кең шуағың аясындай гүл бақтың.

Сіздердің құрметтеріңізге арналған осы мерекелік сәтті қабыл алыңыздар!

Бүлдіршіндеріміздің аналарына деген ыстық лебіздеріне кезек берейік.

Тақпақтар:

1.Мәпелейсің мені анам      Айзере           

   Қолыңдағы құсыңдай.

   Құлпыра өсіп дем алам,             

   Құшағыңда қысылмай.

2.Жылылықтан жаралған               Есімхан

   Құшағы оның таң мекен.

   Менің айдай анамнан,                

   Асқан сұлу бар ма екен?

3.Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,        Марғұлан         

   Аналардан туған небір даналар.

   Ана деген тіршіліктің тірегі,

   Армысыздар,қасиетті Аналар!

4. Мейірімді,сымбатты,                               Арлан             

   Қадірменді,қымбатты.

   Ең жақын жан балаға,

   Кім десеңдер,ол – АНА!

5.Жүрегінде махаббат,                                Нұрмайра     

   Тілегінде мархабат.

   Еркелеткен біздерді,

   Анамызға мың алғыс!

                        Ән : «Ақ мамам»     (Мен анамның бөбегі).

                                   (Балалар отырады)

Жүргізуші:     Бүгін Наурыздың сегізі

                         Сұлулықтың негізі.

                          Әдемі сөз баланың

                          Анаға айтар лебізі.

        Ал,енді бүлдіршіндеріміздің тағы да аналарына арналған ыстық лебіздерін тыңдаңыздар.

1.Ақыл құйған санама,                 Еркежан

   Күннен артық расында.

   Күн алыста,ал анам,

   Ылғи менің қасымда.

2.Мейіріміңе қанбаймын,              Ахмедияр  

   Ең бақытты жандаймын.

   Ақ мамама ешкімді,

   Теңестіре алмаймын.

3. Анам мені «Айым» дейді,               Диас

   Мен мұңайсам уайым жейді.

   Анам мені «Күнім» дейді,

   Мен қуансам күлімдейді.

4.Жамандықтан сақтандырып,               Айжан         

   Жақсы ісімді мақтан қылып.

   Мәпелеген ақ анамды,

   Жүрсем деймін шаттандырып.

5. Үн қатасың бал тілмен,               Вероника         

    Еркелеймін әр күн мен.

    Құттықтаймын анашым,

    Сегізінші Наурызбен!

6.Әлпештеген , аялаған,                     Дамели

   Ақ сүт берген апатайым.

   Тақпақ айтып бүгін саған,

   Мейрамыңмен құттықтаймын.

Жүргізуші:      Ән де бүгін айтылсын,

                          Жыр да бүгін айтылсын.

                          Мың бұралған биіміз,

                          Шашу болып шашылсын.

Би : «Джентельмендер биі»

Жүргізуші:     Көлде аққу,көкте қаз,

 Орманда бұлбұл сайраған.

 Көптен күткен көктем кеп,

 Құлпырып дала жайнаған.

        Балалар,бізге «Көрікті көктем ханшайымы» келе жатыр,қарсы алайық.            

Көктем аруын қарсы алу.

Көктем:   Мен көңілді көктеммін,

                   Былтыр келіп кеткенмін.

                   Көзін ашып бұлақтың,

                   Түбіне тал еккенмін.

Сәлеметсіңдер ме,балалар,сәлем бердім аналар!Қыстың қатаң суығынан аман-есен шығып,өздеріңізбен қауышқаныма өте қуаныштымын!Мен күн жылуымен бірге әжелер мен аналар мерекесін алып келдім.Мерекелеріңіз құтты болсын!  

Жүргізуші:   Қош келдің,көңілді көктем!Сенің келгеніңді біз өте асыға күттік.Ал,олай болса,біздің бүлдіршіндеріміздің өзіңе арналған жыр жолдарына кезек берейік.  

1.Көңіл асып кемерден,                     Нұрдаулет            

   Күн мен түн теңелген.

   Көктем қандай тамаша,

   Мол ырысқа кенелген.

2.Көктем келді балақай,                        Жанель

   Жасарды жер алақай.

   Көктем тойын тойлайық,

   Әсем әнге салайық.

3.Көктем айы осындай,                        Азиза

   Мерекеге толады.

   Барлық бала анаға,

   Сыйлық жасап алады.

Жүргізуші: Көктем,сіздің үш айыңыз туралы керемет көрініске кезек берсек дейміз,оған қалай қарайсыз?

                        Көрініс : «Көктемнің үш айы мен тентек Ақпан»

Рөлдерде: Көктем – Ана – Сымбат, Наурыз – Аяна,Сәуір – Амина, Мамыр – Наима  және тентек Ақпан рөлінде – Марғұлан.

Көктем - Сымбат: Менің ботақандарым!Менің сүйікті,мейірімді айларым!

Наурыз – Аяна :Сәлеметсіз бе,анашым!Мен сізді қуантқалы келіп тұрмын!Сізге керемет әдемі ән салып берейін.

            Мен көктемгі айымын,

            Құбылмалы күн райымын.

            Тамшы көңіл тамшылайды,

            Күн еркелеп жарқырайды.

            Балғын наурызым-ай,

            Еркелеген,еркем – ай!

Көктем – Сымбат : Менің тұңғыш әрі сұлу айым!Наурыз,сенсіз жер бетіне көктем келмейді.Сенің болғаның қандай тамаша!

Сәуір – Амина: Ал,менсіз көктем жалғасын таба алмайды!Қарды ерітіп,

жылғалардан су ағызатын мен боламын!

            Мен көктемгі айымын,

            Күн шуағы жып – жылы.

            Табиғатым оянды,

            Жаңбыр да құяды.

            Сәуір деген тамаша – ай,

            Еркелеткен,еркем – ай!

Көктем – Сымбат: Сәуір,сен тіпті кереметсің!

Мамыр – Наима: Анашым!Бәрінен де керемет мен боламын!Мамыр айында көп гүлдер гүлдейді.

            Мен көктемгі айымын,

            Күн шуағы жып – жылы.

            Гүлдер шешек атып тұр,

            Балалар далада ойнап жүр.

            Мамыр деген әсем – ай,

            Еркелеткен, еркем – ай!

            Қандай керемет!

            Қандай тамаша!

Наурыз – Аяна: Суытып кетті.Жаурап барамын!

Барлығы: Шынымен де суытып кетті!Неліктен суық түсті?

Ақпан – Марғұлан: Төңіректі мен суыттым!Бұл менің суығым!Анашым маған ұйықта деп бұйырды.Ал мен болсам оның ақылын тыңдамадым.

Сәуір – Амина: Сен кімсің?Есімің кім болады?

Ақпан – Марғұлан: Мен – Ақпан боламын!

Мамыр – Наима:    Ақпан? Ал сенің анаң «Қыс» қайда?

Ақпан – Марғұлан: Менің анам ұйықтап қалды!Ал менің ұйқым келмейді!Айтпақшы!Сендердің  әндеріңді естіп таң қалып тұрмын!Менің де сендермен ойнағым келеді!Мен де ән айта аламын!

            Менің есімім ақпан,

            Менің ағам желтоқсан.

            Ортаншы ағам қаңтар,

            Біз сүйеміз аппақ қар.

            Менің райым қатаң,

            Міне,сондай суық ақпан!

Көктем – Сымбат: Сен анаңнан сұрандың ба?!

Ақпан – Марғұлан: Жоқ,сұранған жоқпын!Мен өзім шешемін!

Көктем – Сымбат: Үлкендердің тілін алып жүру керек!Анашыңның ақылын тыңдамасаң қиын жағдайға тап боласың.Көктем айларымен ойнағың келді ме?Жақсы,мүмкін болса ойнап көр!

Мамыр – Наима: Ақпан,мен сенімен ән салып,ойнағым келмейді!

Сәуір – Амина: Менің де сенімен ойнағым келмейді!Сенің суығыңнан жылғалар қатып,құстар тоңып қалады.

Наурыз – Аяна: Мен де сенімен ойнай алмаймын!Мен – Көктем мезгілінің алғашқы айымын.

Ақпан – Марғұлан: Менің достарым жоқ!Ішім пысты.Мен көктем айларымен бірге ән салып,билесем деп едім......   Мен еріп бара жатырмын!Анашым! Құтқарыңдар!  Анашым!

Көктем – Сымбат: Үлкендерді тыңдамағанда не болатынын көрдің бе?Сен еріп кете жаздадың!Қазір көктем мезгілі ғой,саған далада ойнауға болмайды!Сенің уақытың да ұзамай келеді.Ал,қазір үйіңе бар.Анашыңды сыйлап жүретін бол!

Ақпан – Марғұлан: Әрине! Мен өз сүйікті анамды әрқашанда сыйлап жүретін боламын!

Барлығы : Сүйікті әрі мейірімді анамызды әрқашанда сыйлап жүреміз!

Жүргізуші:  Сүйікті анамызға көмектесеміз бе? Қалай көмектесеміз?Сол туралы ойын әнімізді айтып берейік.Қабыл алыңыздар!

                        Ойын – ән : «Анамызға көмек»

Жүргізуші: Сұлу көктем,біздің балалар,өзің жайлы керемет бір ән біледі,соны өзіңе арнап айтып берейік.

                        Ән : «Сұлу көктем»

Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

                          Бишілер билеп кетті тербетіле.

                          Аққудай қалықтаған теңіздегі,

                          Бишілер өнерлерін көрсетуде.

                        Би : «Қалықтаған көбелектер» биі.

Жүргізуші:Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

                          Айтатын ән,беретін гүлім дайын.

                          «Әжетай,сені жақсы көремін» деп,

                          Ақырын құлағына сыбырлаймын. – 

дей отырып,бүлдіршіндеріміздің ақ әжелеріне арналған ыстық лебіздеріне кезек берсек.

Тақпақтар:

1.Аналарды сүйеміз,                                   Алан   

   Сөзін ойға түйеміз.

   Әжелерді ардақтап,

   Әдеппен бас иеміз.

2.Мені жақсы көреді,                           Имериаль     

   Күндей күліп келеді.

   Көп ертегі біледі,

   Маған айтып береді.

3.Асылдай әжелерім қартаймашы,            Раяна        

   Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы.

   Өздеріңді мәңгілік аялаймыз,

   Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.


4. Бәрімізге анасың,                                     Айзере Байболова             

    Күндей болып жанасың.

    Құттықтаймын мен бәрін,

    Ақылы мол данашым.

 5.Жердегі бар тағамнан,                              Даяна

   Ана сүті нәрлі екен.

   Бұл жалғанда анамнан,                  

   Сүйікті адам бар ма екен?

Жүргізуші:       Уа,жамағат,ал енді,

                           Әнге кезек берейік.

                           Күй нөсерін төгейік,

                           Жырдан моншақ өрейік.

                        Ән :  «Аппақ,аппақ ақ әжем»

                                   Ағылшын тіліндегі өнерлері.

Жүргізуші:      Таңдай қағар тамсана,

                           Тіршіліктің басы – Ана!

                            Қыздырайық тойды біз,

                           Тақпақ сайтып жарыса.   – дей отырып,келесі кезекті балаларымыздың ақ аналарына деген өлең жолдарына берсек.

Тақпақтар:

1.Сенен өскен балалар,                      Ринат

   Батырлар мен даналар.

   Құттықтаймыз мейраммен,

   Қадірменді аналар!

2.Мерекені қарсы алып,             Фараби

   Мәз болады барша жұрт.

   Гүл ұсынып анама,

   Бердім өзім ән салып.

.3. Ана – біздің күніміз,               Қайсар

    Ананың біз гүліміз.

    Ұландарды қуантып,

    Ұзақ өмір сүріңіз.

4. Қуанышы баланың,                     Димаш             

    Қуанышы ананың.

    Құтты болсын апатай,

    Құтты болсын мерекең!

Жүргізуші:      Ақ бесікте жатқан кезде анашым,

                           Жүрегінің жылуына қандырған.

                           Табанымды қара жерге тигізбей,

                           Көтерумен ақ білегін талдырған – деп балаларымыздың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

                        Ән : «Ақ мамам»    (Ел жатқанда жатпаған...)

                        Би : «Анам – менің жүрегім»   биі  (Әлемнің жарығын ...)

Балалар бәрі бірге:   Бақыты үшін балаңның,

                                   Аман – сау жүр,     АҚ МАМАМ!


Жүргізуші:   Дүниедегі ең кеменгер дананы,

                         Ана табады,аялайды,бағады.

                         Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

                         Құрметтейік қасиетті ананы!

     Қымбатты Аналар,Әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Құшақтарыңыз шоқ – шоқ гүлге толсын!Үнемі қартаймай жап – жас болып жүре беріңіздер! Сіздерге арналған «Ақ қайың» ересектер тобының «Ана – гүл,ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты ертеңгілігі  аяқталды.Аман – сау болыңыздар!

                                               Соңы.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
comreMr
20 апреля 2019 09:25
это точно !!

---
А есть другой выход? дрова сосновые купить, купить дрова недорого или дрова колотые береза дмитровский район купить dmitrov-drova купить дрова витебск