"Менің Отаным - Қазақстан!" көрмесі
Қазақстан Республикасы күніне арналған көрме 🇰🇿 Бүгін біздің балабақшада ата-аналармен бірлесе отырып «Менің Отаным – Қазақстан!» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Мақсаты – балалардың бойында отаншылдық сезімін қалыптастырып, туған елін, жерін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегі ерекше әсер қалдырды! Көрмеге ұсынылған әрбір жұмыс – елімізге деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың көрінісі.