"Ана - өмірдің шырағы"
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық, алтын бақ. 8 Наурыз Аналар мерекесімен МКҚК "№ 113 бөбекжай балабақша" бүлдіршіндері барлық аналарымыз бен әжелерімізді, сондай-ақ аруларымызды құттықтады. Барша әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға мықты денсаулық тілей отырып, көктемдей құлпыра беріңіздер дегіміз келеді!