Мәңгілік тағзым, мәңгілік алғыс! » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәңгілік тағзым, мәңгілік алғыс!
08
май
2025

Мәңгілік тағзым, мәңгілік алғыс!

Құрметті соғыс ардагерлері!

Сіздер – батырлықтың, ерліктің және шексіз отансүйгіштіктің мәңгілік символысыздар. Сіздердің жүрегіңіздегі жалын, жігер мен ерлік – әрбір қазақстандықтың жүрегінде өнеге болып сақталады.

Бүгінгі бейбіт күніміз – сіздердің жанкешті ерліктеріңіздің жемісі. Сіздерге бас иіп, алғыс білдіреміз. Әр күніңіз шаттық пен шапағатқа толы болсын! Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз әрдайым жарқын болғай!