Ойын «Сенсорика әлеміне саяхат» » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ойын «Сенсорика әлеміне саяхат»
21
февраль
2025

Ойын «Сенсорика әлеміне саяхат»

Тақырыбы: «Сенсорика әлеміне саяхат».
Мақсаты: Балаларда заттық – жабдықтық әрекетті қалыптастыру: таяқтың көмегемен түрлі түсті заттарды өзіне қарай жылжыту; Өткен тақырыптарды қайталау, бекіту.Ұсақ қол моторикасын жетілдіру; ауызекі сөйлеуде тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.             
Көрнекіліктер:  Ұзындықтары 30 – 35 см таяқшалар, қалындығы 0,5 см ден 1см ге дейінгі түсті сақиналар (пластикалық пирамидаларды қолдануға болады),  ойындарға керекті құралдар.                                                                                      
Сөздік жұмыс: сақиналар, таяқша.                                                                              
Билингвальді компонент:   сақиналар – колечки.    
Әдіс тәсілдері: әнгімелеу, дидактикалық ойындар, суреттер, слайд. 
Мотивациялық қозғаушы:               
Сәлемдесу:         
Алдымыздан кезекпен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Сәлеметсізбе, балалар?
Сәлеметсізбе апайлар?
Шаттық шеңбері:
Біздің топта ұл, қыздар
Тату тәтті ойнаймыз.
Айналаға бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз!
Қонаққа Маша қыз келеді, балаларды орманға қонаққа шақырып, көмек сұрайды:
– Сәлеметсізбе, балалар? Мені танып тұрсыз ба? Мен сіздің досымыз Машамын. Біздің орманымызда барлық аңдар көңілсіз, ренжіп жүр. Менімен орманға барып, аңдардың көңілін көтерейікші. Барасыңдар ма?
– Әрине барамыз Маша.
Ұйымдастыру – ізденушілік:
Оманға кедергі жолдармен бару.
Тыныс алу жаттығулар.
1. Тиіндарға көмектесу.
Д. ойын: «Сақинаны ал»
Шарты: балалар кезекпен сақиналарды таяқшамен 30 – 35 см таяқшалар, қалындығы 0,5 см ден 1см ге дейінгі түсті сақиналар (пластикалық пирамидаларды қолдануға болады) бейнеленген жерге дейін жылжытады.
Билингвальді компонент:   пирамида – пирамида, сақиналар – колечки
Сөздік жұмыс: сақиналар, таяқша.                                                                              
Д.ойын: «Пирамиданы толық жина»
Шарты: ең үлкен сақинаны назарларына ала отырып, балалар пирамиданы көлемі бойынша толықтай жинайды.
2. Қонжықтарға көмектесу.
Д. ойын: «Түстер бойынша айыр»
Шарты: балалар конструкторды сары және жасыл түсі бойынша айырып, жинайды.
3. Иттерге көмектес
Д.ойын: «Үлкен – кішкентай»
Шарты: Иттерге көлемі бойынша заттарды орналастыру.
4. Қояндарға көмектесу.
Д.ойын: «Көкөністер»
Шарты: балалар кияр және қызанақтарды пішіні, түсі бойынша айырады.
Кедергі жолмен топқа келу.
Машаға сыйлыққа моншақ жасап беру.
Шарты: балалар үлкен және кішкентай моншақтарды жипке кезекпен өткізеді.
Рефлексиялық –түзетушілік
Машамен қоштасу.
Біз орманға бардық,
Жан – жағымызға қарадық.
Қоян шықты секіріп,
Түлкі шықты майысып,
Қасқыр шықты ырылдап,
Аю шықты қорбаңдап.
Тып – тыныш боп қарадық
Тобымызга  қайттық.
Балалар, біздерге қонаққа бүгін кім келді? Біздер қайда бардық? Нелерге көмектестік?
Қол ұстасып тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Кездескенше күн жақсы
Сау саламат болайық!