04
июнь
2026
4 маусым - Рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданған тарихи күн – Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің айқын белгісі. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді.
Осы мерекеге орай баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанның мерейі үстем болсын!
Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы, ұлт абыройы!