23
июнь
2026
Дәмді және пайдалы
🥕🍎 «Дәмді әрі пайдалы әлем» 🍅🍐
Бүгін балабақшамыздың мектепалды «Ақбота» тобының тәрбиеленушілері қызықты әрі танымдық іс-шараға қатысты.
Балалар балабақша аумағындағы жылыжайда өсіп тұрған көкөністерге су құйып, оларды күтіп-баптаудың маңызын түсінді. Тәрбиешінің көмегімен әр көкөністің адам ағзасына пайдасы мен құрамындағы дәрумендер туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар, балабақша аумағында өсіп тұрған жеміс ағаштарымен танысып, олардың адам денсаулығына тигізетін пайдасын білді. Балалар жемістер мен көкөністер жайлы алған білімдерін көрсетіп, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.
Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндер дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, табиғатты аялауға үйренеді. 🌱💚