10
июль
2026
«Адамдарға көмектесетін мамандықтар» сюжетті-рөлдік ойыны

Балабақшамызда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерімен» бөлімі аясында ересек «Бәйшешек» тобында «Мамандықтармен таныстыру» тақырыбында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» атты сюжетті-рөлдік ойын ұйымдастырылды.
Ойын барысында тәрбиеленушілер дәрігер, полиция қызметкері, өрт сөндіруші және басқа да қоғамға қызмет ететін мамандықтардың маңызымен танысып, олардың еңбегін құрметтеуге, жауапкершілік пен тәртіпті бағалауға үйренді. Балалар түрлі рөлдерді сомдау арқылы өзара ынтымақтастықты, қарым-қатынас мәдениетін және адамға көмек көрсету құндылықтарын бойларына сіңірді.
Осындай танымдық ойындар арқылы бүлдіршіндердің мамандықтарға деген қызығушылығы артып, азаматтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етіледі.