"Көңілді старт" спорттық сайысы
«Көңілді старт» спорттық сайысы
Жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстары аясында мектепалды «Бәйшешек» және «Айгөлек» топтарының тәрбиеленушілері арасында «Көңілді старт» спорттық сайысы өтті.
Сайыс барысында балалар түрлі қызықты эстафеталар мен қимылды ойындарға қатысып, ептіліктері мен жылдамдықтарын, ұйымшылдықтары мен достық қарым-қатынастарын көрсетті. Әрбір қатысушы белсенділік танытып, жеңіске деген жігерін байқатты.
Мұндай спорттық іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өзара қолдау мен командалық рухты дамытуға үлкен ықпал етеді.
Көңілді сайыс көтеріңкі көңіл күймен аяқталып, бүлдіршіндер жарқын әсер мен ерекше қуанышқа бөленді. Барлық қатысушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!


