Біз туралы » Страница 5 » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Көрісу - ынтымақ белгісі"
13
март
2026
"Көрісу - ынтымақ белгісі"
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстыру, соның ішінде Амал мерекесі – Көрісу күні мейрамының маңызын түсіндіру. Үлкенді құрметтеуге, бір-бірімен көрісіп амандасуға, достыққа, сыйластыққа және ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеріп, тіл байлығын және танымдық қызығушылығын дамыту. "Ақбота" мектепалды тобы
"Құстарға жемсалғыш жасаймыз"
13
март
2026
"Құстарға жемсалғыш жасаймыз"
"Жылы жүрек – жомарт қол" Балабақшамызда балаларды табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында "Құстарға жемсалғыш жасаймыз" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шара барысында бүлдіршіндер құстарға арнап өз қолдарымен жемсалғыш жасап, оны ағаштарға іліп, құстарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінді. Балалар табиғатты қорғау, құстарға жанашырлық таныту туралы көптеген пайдалы мағлұмат алды.  Осындай игі істер арқылы балалардың бойында мейірімділік, қамқорлық және табиғатқа
"Еңбектің наны тәтті"
13
март
2026
"Еңбектің наны тәтті"
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы тәрбие-білім беру жұмысы жоспарына сәйкес ересек "Бәйшешек" тобында «Еңбектің наны тәтті» тақырыбында ересектердің еңбегімен таныстыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтті
"Ананың аялы алақаны" челленджі
05
март
2026
"Ананың аялы алақаны" челленджі
«Ананың аялы алақаны» челленжі өтті. Тәрбиеленушілеріміз өздерінің ең аяулы адамдары — аналарына алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Әр баланың жылы сөзі мен шынайы ықыласы аналарымызға қуаныш сыйлады. Ана — мейірімнің, махаббаттың және қамқорлықтың символы. Барша аналарға алғысымыз шексіз! ❤️
"Ізгіліктің бір ізі - алғыс" челленджі
02
март
2026
"Ізгіліктің бір ізі - алғыс" челленджі
Біздің балабақшада "Ізгіліктің бір ізі – алғыс" челленджі өтті 💐 Бұл ерекше челлендж барысында тәрбиеленушілеріміз өздерінің ең жақын, ең қымбат жандары — аналарына жүрекжарды алғыстарын білдірді. Балалардың шынайы сөзі мен мейірімге толы тілектері баршамыздың көңілімізді жылытты. Ана – мейірімнің шуағы, қамқорлықтың бастауы. Балдырғандарымыздың анасына деген сүйіспеншілігі мен алғысын жеткізе алғанына біз де қуаныштымыз
"Шын жүректен кітап сыйла" челленджі
26
февраль
2026
"Шын жүректен кітап сыйла" челленджі
Біздің балабақшада “Шын жүректен кітап сыйла” челленджі өтті  Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы. Осы мақсатта ұйымдастырылған “Шын жүректен кітап сыйла” челленджі бүлдіршіндеріміздің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеуді көздеді. Балалар мен ата-аналар белсенді қатысып, балабақшамыздың кітап қорын жаңа, қызықты ертегілермен толықтырды. Әр сыйланған кітап – шын жүректен шыққан жылы ықыластың белгісі
"Өрт қауіпсіздігі – әр баланың қорғаны"
30
январь
2026
"Өрт қауіпсіздігі – әр баланың қорғаны"
Мақсаты: Балаларды  өрт қаупінен қорғау, балабақшадағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, балаларға оттан қауіптің салдарын үйрету және төтенше жағдайларға дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.