"Дүниежүзілік су ресурстары күні. Су күні" » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Дүниежүзілік су ресурстары күні. Су күні"
23
март
2026

"Дүниежүзілік су ресурстары күні. Су күні"

Балабақшамызда «Дүниежүзілік су ресурстары күні – Су күні» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Аталған іс-шарада су ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және балаларға экологиялық тәрбие беру бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізілді. Тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарын көрсетті.
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдар арасында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасып, қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.
Бұл маңызды шара республикалық «Білім айнасы» басылымында жарияланып, балабақшамыздың жетістігі кеңінен насихатталды.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!