Мейірімділік күні
Мейірімділік күніне орай балабақшада ерекше шара өтті. Балалар бір-біріне және ата-аналарына жүрекжарды жылы сөздерін арнап, сол сөздерді қағазға жазып, мейірімге толы "Алма ағашына" жапсырды. Әрбір жылы сөз – жүректен шыққан шапағат, ал ағаш – мейірімділік пен достықтың символына айналды. Осындай игі істер балалардың жүрегіне жақсылық дәнін егеді. #МейірімділікКүні #ЖылыСөз #БалабақшаШарасы #МейірімАғашы