Балабақшада Мейірімділік күні ерекше өтті. Балалар алақандарын бояумен бастырып, жүректен шыққан жылы сөздерін қағазға жазды. Әр бала өз махаббатын, ықыласын қағаз алақандары арқылы жеткізіп, ата-аналарына ерекше сый жасады. Бұл – кішкентай жүректерден шыққан үлкен мейірімнің көрінісі.