Ата - анаға бейімделу кезеңі кезіне кеңес » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата - анаға бейімделу кезеңі кезіне кеңес
11
июль
2025

Ата - анаға бейімделу кезеңі кезіне кеңес

🧒🏻 Балаңыз балабақшаға 3 күнде бейімделсін десеңіз — осы 5 қатені жасамаңыз! 👇
🟡 1. Қоштасуды созбаңыз
Ұзақ құшақтасып, жылап қоштасу – баланың уайымын күшейтеді.
✅ Қоштасыңыз да, өз ісіңізге сенімді түрде кетіңіз.
🟡 2. Қобалжып тұрғаныңызды көрсетпеңіз
Сіздегі уайымды бала лезде сезеді.
✅ Тыныштық пен сенімділік – баланың басты тірегі.
🟡 3. Уәде мен сыйлық бермеңіз
“Қалсаң, тәтті берем” дегеніңіз – бейімделуді тежейді.
✅ Қызықтырып, сеніммен шығарып салып үйреніңіз.
🟡 4. Балабақшамен қорқытпаңыз
“Жыласаң, апайың ұрсады” – деген сөздер балада үрей қалыптастырады.
✅ Балабақша – ойын, достар мен жаңа қызықтар мекені екенін айтып беріңіз.
🟡 5. Тұрақты режимді сақтаңыз
Бір күн барып, бір күн қалдыру – бейімделуді баяулатады.
✅ Күнделікті тұрақты бару – бейімделудің кепілі.
✨ Балаңыз – сіздің көңіл-күйіңізді қайталайды.
Сенімді ата-ана – бейімделген бала.
Бәрі жақсы болады! ❤️
🧷 Тәрбиеші кеңесі / Балабақша психологынан пайдалы кеңес
#балабақша #бейімделу #атаанағакеңес #тәрбие