"Шын жүректен кітап сыйла" челленджі
Біздің балабақшада “Шын жүректен кітап сыйла” челленджі өтті Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы. Осы мақсатта ұйымдастырылған “Шын жүректен кітап сыйла” челленджі бүлдіршіндеріміздің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеуді көздеді. Балалар мен ата-аналар белсенді қатысып, балабақшамыздың кітап қорын жаңа, қызықты ертегілермен толықтырды. Әр сыйланған кітап – шын жүректен шыққан жылы ықыластың белгісі