Материалы за 23.04.2026 » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 23.04.2026
Әр ойыншықтың өз орыны бар
23
апрель
2026
Әр ойыншықтың өз орыны бар
Ортаңғы «Балдәурен» тобында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Әр ойыншықтың өз орны бар» тақырыбында сюжеттік-рөлдік ойындар ұйымдастырылды Ойын барысында балалар тәртіп сақтаудың маңызын түсініп, әр заттың өз орны болатынын үйренді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз ойын арқылы жауапкершілікке, ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа баулынды  Осындай қызықты ойындар арқылы балалардың сана-сезімі қалыптасып, тәртіпке деген көзқарасы арта түседі.
Тамақтану
23
апрель
2026
Тамақтану
Ортаңғы “Балдәурен” тобындағы Қасен Дамирдің анасы біздің бүлдіршіндерге ұсынылатын түскі астың дәмін татып көрді. Ата-аналармен ашық байланыс орнату — біз үшін маңызды. Балалардың дұрыс әрі дәмді тамақтануы әрқашан басты назарда. Сапа мен қамқорлық — біздің басты ұстанымымыз!