Нептун күні » КГКП "Ясли сад №113"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№113 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 381-18-15
Әдіскер:
+7(727)381-18-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июль
2026

Нептун күні

«Нептун күні» – жаздың ең көңілді мерекесі! ☀️💙

Жазғы сауықтыру-шынықтыру жоспарына сәйкес балабақшамызда «Нептун күні» мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Балалар теңіз патшасы Нептунмен бірге қызықты ойындарға қатысып, көңілді эстафеталарда бақ сынады, сумен ойналатын сергіту сәттеріне қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерді бастан өткерді.

Мерекенің басты мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, белсенді қимыл-қозғалысқа баулу, жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру болды.

Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері – мерекенің сәтті өткенінің айқын дәлелі! Осындай қуанышты күндер бүлдіршіндеріміздің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз.